Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

АҚШ Украинаға Ресей аумағына ATACMS атуға рұқсат бермеді
8 қыркүйек 2024 / Мир

АҚШ Украинаға Ресей аумағына ATACMS атуға рұқсат бермеді

АҚШ Украинаға Зеленскийдің өтінішіне қарамастан, Ресей Федерациясына тереңдікте ATACMS зымырандарын атуға рұқсат бермеді. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Германиядағы Рамштайн әуе базасында Украинаның байланыс тобының отырысында: «Мен нақты бір мүмкіндіктің шешуші болатынына сенбеймін», - деді. Оның айтуынша, Ресей Украинаға әуе соққыларын жасау үшін қолданылған ұшақтарын америкалық алыс қашықтықтағы зымырандардың қашықтығынан алып тастаған. 

Кәрім Хан: Моңғолия Путинді неліктен тұтқындамағанын түсіндіруі керек
8 қыркүйек 2024 / Мир

Кәрім Хан: Моңғолия Путинді неліктен тұтқындамағанын түсіндіруі керек

"Моңғолия Путинді елге сапары кезінде неліктен тұтқындамағанын түсіндіруі керек".  Бұл туралы Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) бас прокуроры Кәрім Хан мәлімдеді. "Сот деңгейінде келіссөздер процесі жалғасуда. Судьялар ынтымақтастықтың жоқтығы анықталған жағдайда өз ұсынысын бере алады, бірақ мен ештеңені алдын ала болжағым келмейді, өйткені қазір бұл мәселе судьялар мен Моңғолия үкіметі арасында шешілуде», - деді прокурор ВВС-ге берген сұхбатында. 

ШҚО: Жағаға орала алмай қалған туристер құтқарылды
8 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

ШҚО: Жағаға орала алмай қалған туристер құтқарылды

Алтай ауданында 2 ер адам мен 2011 жылы туған бір бала Бұқтырма су қоймасындағы Гусинный аралына резеңке қайықпен жүзіп, қатты жел мен үлкен толқындардың салдарынан жағаға орала алмаqй қалған. ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға шығарып, құтқарды. Туристер медициналық көмекке мұқтаж емес. 

Парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Қазақстан қоржынына тоғызыншы медальді салды
8 қыркүйек 2024 / Sport

Парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Қазақстан қоржынына тоғызыншы медальді салды

Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қола жүлдегер атанды. Жұрқамырза J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта франциялық Насер Зорганиді қапы қалдырды. Қазақстандық балуан әуелі вазари ұпайын алды. Содан кейін бар-жоғы бір минутта татами иесін таза жеңді. 

АҚШ-та бір жасар бала тау велосипедін меңгерген
8 қыркүйек 2024 / Мир

АҚШ-та бір жасар бала тау велосипедін меңгерген

АҚШ-та бір жасар бала тау велосипедін меңгеріп үйренген. Ютадан келген жас Брукс Мак бар болғаны 18 айлық. Ол қазірдің өзінде екі дөңгелегі бар нағыз тау велосипедімен жол талғамайтын жерде мініп, тепе-теңдікті өзі сақтайды, қазір қозғалтқышы бар мотоциклді меңгеруде. 

Германияда 90 жастан асқан қарияларға арналған кеш өтті
8 қыркүйек 2024 / Мир

Германияда 90 жастан асқан қарияларға арналған кеш өтті

Германияда 90 жастан асқан зейнеткерлерге арналған кеш алғаш рет өтті. BILD тілшісі Томас Фишер жұма күні түстен кейін Лейпциг орталығындағы Ричард Вагнер алаңында өткен дискотекаға барды. Онда 90 жастан асқан 20-ға жуық зейнеткер үш шағын автобуспен жеткізілді. Көбі сүйемелдегіш таяқ пен мүгедектер арбасында болды. Қарияларға арнап 35 жастағы диджей Ронни Чикаго 1950 және 1960 жылдардағы ең күшті хит әндерді қойды. 

Варшавада 6 жасар қызды бэби-бокске тастап кеткен
8 қыркүйек 2024 / Мир

Варшавада 6 жасар қызды бэби-бокске тастап кеткен

Варшавада 6 жасар қызды бэби-бокске тастап кеткен.  Суретте Элиза алтыншы туған күніне бұрымы өріліп, періштенің қанаты бар қызғылт көйлекте суретке түскен. Туған күнінен кейін, көп ұзамай, ата-анасы қызды Варшавадағы францискан монастырының нәресте қорапшасына қалдырып кеткен. Монах әйелдер қатты шошыды, өйткені олар мұндай ересек баланы ол жерден бірінші рет кездестіріп тұр. Әдетте ол жерге тек жаңа туған нәрестені тастайды. 

Зеленский: Украина қару-жарақ пен оқ-дәрінің астыртын өндірісін ұйымдастырады
8 қыркүйек 2024 / Мир

Зеленский: Украина қару-жарақ пен оқ-дәрінің астыртын өндірісін ұйымдастырады

Украина қару-жарақ пен оқ-дәрілердің астыртын өндірісін ұйымдастырады, деді  Зеленский. Осылайша, Киев Батыстың әскери көмегін жеткізудегі мүмкін кідірістерге тәуелділігін азайтуды көздеп отыр. 

Венеция кинофестивалінің бас жүлдесі Педро Альмодовардың фильміне бұйырды
8 қыркүйек 2024 / Мир

Венеция кинофестивалінің бас жүлдесі Педро Альмодовардың фильміне бұйырды

81-ші Венеция кинофестивалінің бас жүлдесі Педро Альмодовардың «Көрші бөлме» фильміне бұйырды. Бұл испандық режиссер үшін екінші «Алтын арыстан». 2019 жылы Педро Альмодовар кинематографияға қосқан үлесі үшін Әулие Марктың құрметті "Алтын арыстанына" ие болған.