Парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Қазақстан қоржынына тоғызыншы медальді салды
Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков қола жүлдегер атанды. Жұрқамырза J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта франциялық Насер Зорганиді қапы қалдырды. Қазақстандық балуан әуелі вазари ұпайын алды. Содан кейін бар-жоғы бір минутта татами иесін таза жеңді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Осылайша, Қазақстан қоржынына тоғызыншы медаль түссе, соның ішінде бұдан бұрын парадзюдошы Ақмарал Науатбек алтыннан алқа тақса, Ерғали Шәмей күміс жүлдегер атанған еді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Сондай-ақ, Даяна Федосова қола медальді олжалады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: