Placeholder
Скриншот видео BILD
BILD
Әлем8 қыркүйек 2024, 4:07

АҚШ-та бір жасар бала тау велосипедін меңгерген

АҚШ-та бір жасар бала тау велосипедін меңгеріп үйренген. Ютадан келген жас Брукс Мак бар болғаны 18 айлық. Ол қазірдің өзінде екі дөңгелегі бар нағыз тау велосипедімен жол талғамайтын жерде мініп, тепе-теңдікті өзі сақтайды, қазір қозғалтқышы бар мотоциклді меңгеруде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ата-анасы Эндрю мен Мэлори баланы ерте жастан байкерлікке дайындаған. 

Оның дамуын әлеуметтік желілерде жүздеген мың адамдар бақылап отыр.

Олардың көпшілігі ата-анасына риза емес.

Сыншылар жаяу жүру баланың денсаулығы мен омыртқасына жақсы, ал бұдырлы жер буыны қатпаған сәбиге зиян деп санайды.

АҚШ бір жасар бала тау велосипеді

Тақырыпқа жаңалықтар