Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

«Елорда жастары» баспана бағдарламасына өтінім қабылдана бастады
5 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

«Елорда жастары» баспана бағдарламасына өтінім қабылдана бастады

Астана қаласының тұрғын үй қоры «Елорда жастары» жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы аясында өтінім қабылдауды бастады.  Құжат қабылдау 4 қыркүйек таңғы 9:00-де басталып, 10 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін созылады. Бұл бағдарлама «Отбасы банк» АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді. 

Сауд Арабиясының мегажобасы тоқтап қалды
4 қыркүйек 2024 / Мир

Сауд Арабиясының мегажобасы тоқтап қалды

Сауд Арабиясының мегажобасы тоқтап қалды. 2015 жылы Сауд Арабиясы ел экономикасын түбегейлі әртараптандыру және модернизациялау, сонымен бірге халықаралық аренадағы имиджін өзгертуге тиіс Saudi Vision 2030 бағдарламасын енгізді. Бағдарламада шөл даладағы шаңғы трассасы мен ұзындығы 170 шақырымдық айналы Line зәулім ғимараты сияқты ауқымды жобалар болды. Бірақ шығындар мұнайға бай ел үшін де тым көп болды. 

Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды
4 қыркүйек 2024 / Мир

Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды

Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды.  Венесуэла билеушісі мұндай жарлықтың жарияланғаны туралы ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде сөйлеген сөзінде айтты. Николас Мадуро бұл шешімді ел халқына құрмет пен алғыстың белгісі ретінде қабылдағанын айтып, Рождество атмосферасы қазірдің өзінде сезіліп тұр деген пікірін білдірді. Оның айтуынша, Рождествоның атрибуты – бейбітшілік, бақыт және қауіпсіздік. 

Шольц Владимир Кара-Мурзамен кездесті
4 қыркүйек 2024 / Мир

Шольц Владимир Кара-Мурзамен кездесті

Шольц Владимир Кара-Мурзамен кездесті. Германия канцлері X әлеуметтік желісінде ресейлік оппозиция жетекшісінің «күші мен батылдығы мен оның Ресейдің демократиялық болашағына деген тұрақты адалдығына таңданамын» деп жазды. 

Маркетплейстер қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеледі
4 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Маркетплейстер қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеледі

Қазақстанда маркетплейстер мен сатушылар қазақ тілінде қызмет көрсетуге міндеттеледі. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты. Мәжілістің жалпы отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Ринат Заитов қызметтерді қазақ тілінде ұсынуда проблема бар екенін және бұл мәселені тиісті заңмен реттеуді ұсынды. 

Төтенше жағдайда байланыс операторлары абонентке қатысты деректерді ұсынады
4 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Төтенше жағдайда байланыс операторлары абонентке қатысты деректерді ұсынады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда байланыс операторлары уәкілетті органға абоненттің орналасқан жеріне қатысты жиынтық деректерді беру қағидаларын бекітті. Қағидалар Қазақстан аумағында қызмет ететін барлық байланыс операторларына және байланыс желілеріне қолданылады. 

Румыниялық депутаттар Patriot жүйесін Украинаға беруді мақұлдады
4 қыркүйек 2024 / Мир

Румыниялық депутаттар Patriot жүйесін Украинаға беруді мақұлдады

Румыниялық депутаттар Patriot әуе қорғаныс жүйесін Украинаға беруді мақұлдады.  Бухарест парламентінің төменгі палатасы Украинаға «Патриот» зенит-зымыран кешенін сыйға тартуға рұқсат беретін заң жобасын қабылдады. Бір күн бұрын бұл жабдықтауды Румыния үкіметі мақұлдаған. Енді "Патриот" қондырғысын Киевке беру туралы заңға ел президенті Клаус Йоханнис қол қоюы керек.