Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды
Мадуро Рождество мерекесін 1 қазанға ауыстырды. Венесуэла билеушісі мұндай жарлықтың жарияланғаны туралы ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде сөйлеген сөзінде айтты. Николас Мадуро бұл шешімді ел халқына құрмет пен алғыстың белгісі ретінде қабылдағанын айтып, Рождество атмосферасы қазірдің өзінде сезіліп тұр деген пікірін білдірді. Оның айтуынша, Рождествоның атрибуты – бейбітшілік, бақыт және қауіпсіздік, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мадуроның сөзінен бірнеше сағат бұрын Венесуэла елдегі президенттік сайлауда оппозицияның жалғыз кандидаты болған және оның деректері бойынша жеңіске жеткен Эдмундо Гонсалес Уррутияны қамауға алу туралы ордер бергені белгілі болды.
Елдің сайлау комиссиясы Мадуро 51,2% дауыс жинап, жеңіске жетті деп мәлімдеді.
ЕО, АҚШ және бірқатар Латын Америкасы елдері бұл ресми нәтижені мойындамады.