5G жүйесі: 1,3 мыңнан астам базалық станция орнатылды
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі еліміздің аумағын 5G интернет желісімен қамту қарқынына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
«ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазанындағы №949 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді интернет» Ұлттық жобасының аясында еліміздің республикалық маңызы бар қалаларын (75% аумағы) және облыс орталықтарын (60% аумағы) 5G мобильді технологиясымен қамту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі кезде еліміздің 20 қаласында 1300-ден астам базалық станция орнатылды», - делінген Цифрлық даму министрлігі, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5G мобильді технологиясын енгізу жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.
2027 жылдың соңына дейін байланыс операторлары 5G технологиясын дамытуға 450 миллиард теңге инвестиция салады.