Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Қарағандыда үш алып нәресте дүниеге келді
29 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қарағандыда үш алып нәресте дүниеге келді

Қарағандыдағы перзентханада үш алып нәресте дүниеге келді. Бірінің салмағы бес жарым келі болса, қалған екеуі де соған жетеқабыл. Кесер тілігі арқылы жарық дүние есігін ашқан сәбилер дін аман. Бірақ дәрігерлер алпамсадай балалардың көбеюі дұрыс емес деп отыр.

Қазақстандықтар ұялы байланыс қызметін пайдалану үшін биометриядан өтуге тиіс
29 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақстандықтар ұялы байланыс қызметін пайдалану үшін биометриядан өтуге тиіс

Енді қазақстандықтар ұялы байланыс қызметін пайдалану үшін биометриядан өтуге тиіс. Бұл бірінші кезекте өзгелердің құжатын пайдалану арқылы ұялы телефон нөмірін тіркейтін алаяқтарымен күрес мақсатында қолға алынып отыр. 

Ақтөбедегі жол апаты: үш баласы мен күйеуінен айрылған әйел заңсыз тергелген
29 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбедегі жол апаты: үш баласы мен күйеуінен айрылған әйел заңсыз тергелген

Жол-көлік апаты кезінде үш баласы мен күйеуінен айырылған С.Жақсылықова жазықсыз жауапқа тартылғаны үшін моральдық және материалдық шығынды өндіруді талап етті. Сот шешімімен оған 3,3 млн теңге өндірілді. 

«Адам өлімі». Ақтөбеде жаппай төбелеске кінәлілер сот алдында
29 тамыз 2024 / Новости Казахстана

«Адам өлімі». Ақтөбеде жаппай төбелеске кінәлілер сот алдында

Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған жаппай төбелеске кінәлілер сот алдында жауап бере бастады. Айыпталушы — алты жігіт. Олар адам өлтіріп, бұзақылық жасағаны үшін қамауға алынған болатын. 

Павел Дуров сот залынан босатылды
28 тамыз 2024 / Мир

Павел Дуров сот залынан босатылды

Судья Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуровты алдын ала жауап алу және тағылған айыптар үшін полицияда ұстауды тоқтатты. Тергеу судьясы алдын ала жауап алу мен айыптау қорытындысын күткенге дейін полицияда ұстауды тоқтатты, – деді француз журналистері. 

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 40,5 мыңнан асты
28 тамыз 2024 / Мир

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 40,5 мыңнан асты

Израильдің Палестина эксклавына жаппай шабуылдары 327 күн бойы жалғасуда.  2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль армиясының блокададағы Газа секторына жасаған шабуылдарынан құрбан болғандар саны 40 534 адамға жетті. Израильдің эксклавтың әртүрлі аймақтарына құрлықтан, теңізден және әуеден жаппай шабуылдары 327-ші күннен бері тоқтаған жоқ. 

Елдос Сметов: Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындаламын
28 тамыз 2024 / Sport

Елдос Сметов: Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындаламын

2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов енді төрт жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты. «Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді», - дейді Елдос Сметов. 

Павел Дуровтың ағасына да Францияда іздеу жарияланды - Politico
28 тамыз 2024 / Мир

Павел Дуровтың ағасына да Францияда іздеу жарияланды - Politico

Николай Дуров ағасымен бірге Францияда 2024 жылы 25 наурызда балалар порнографиясын сақтауға немесе таратуға қатысты ірі көлемдегі іс бойынша іздеуге жарияланды, деп жазады Politico. Бұл енді ғана белгілі болды. Басылым Францияның құқық қорғау органдарының құжатына сілтеме жасайды. Дуровтарды іздеу туралы ордер Telegram француз билігінің балалар порнографиясын жасады деген күдікке ілінген ер адамның жеке басы туралы сұрауына жауап бермеген соң шығарылды.