Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

АЭС салу бойынша референдум өткізуге қаулы қабылданды
28 тамыз 2024 / Новости Казахстана

АЭС салу бойынша референдум өткізуге қаулы қабылданды

Үкімет атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізуге қатысты қаулы қабылдады. Енді мемлекет басшысы қол қойса, содан кейін жалпыхалықтық дауыс беру күні белгілі болады. Атом энергетикасын дамыту перспективалары қаралған Үкіметтің бүгінгі отырысына министрлерден бөлек, ғалымдар мен сарапшылар да қатысты. 

Астанада автобус әйелді қағып өлтірді
28 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Астанада автобус әйелді қағып өлтірді

Астанада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып өлтірді. Қайғылы оқиға бүгін қала орталығында болды. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған. 

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевты сотқа берді
28 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаевты сотқа берді

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді экс-министр Қуандық Бишімбаевтан моральдық шығын талап етті.  Бұл туралы сот кабинетіндегі құжатта белгілі болды. Іс 2024 жылдың 2 тамызында басталған. Істі судья Досжан Жұмабаев қарайды. Моральдық шығынға қатысты бірінші сот отырысы 3 қыркүйекте сағат 11.00-де өтеді. 

Шығын көп, нәтиже жоқ». Президент Қазақстанның спорт саласын сынға алды
28 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Шығын көп, нәтиже жоқ». Президент Қазақстанның спорт саласын сынға алды

Шығын көп, нәтиже жоқ». Президент Қазақстанның спорт саласын сынға алды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесу барысында айтты.  Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы бес жылда жоғары жетістіктер спортына шығын екі есе өскен, бірақ соған лайық нәтиже жоқ. 

Университет студенттерінің шәкіртақысы артады
28 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Университет студенттерінің шәкіртақысы артады

2025 жылы әлеуметтік салаға 9,8 трлн теңге бағытталады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында айтты.  «Бюджет шығыстары 2025 жылға арналған кірістер мен тапшылықты ескере отырып, 2024 жылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге ұлғайып, 25,8 трлн теңгені құрайды. Бюджет әлеуметтік бағытқа бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік салаға 2024 жылмен салыстырғанда 794 млрд теңгеге ұлғайып 9,8 трлн теңге бағытталады», деді министр. 

Қазір атом электр стансасына балама жоқ - министр
28 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазір атом электр стансасына балама жоқ - министр

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ел экономикасының тұрақты өсуі электр энергиясына сұраныстың артуымен қатар жүретінін атап өтті. Сондықтан министр өнеркәсіп, металлургия, көлік, IT, фармацевтика, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да секторларда жаңа жобаларды іске асыру үшін қазірдің өзінде электр энергиясының едәуір көлемі қажет екенін баяндады. «Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға, экономикалық өсуді ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Алайда олардың дамуы елдегі энергия қуатының жетіспеушілігімен шектелуде. Егер жаңа тұрақты энергия көздерін – жаңартылатын, реттеуші және базалық қуаттарды салу бойынша шұғыл шаралар қабылданбаса, жағдай күрделене түсуі мүмкін», деді Алмасадам Сәтқалиев,. 

Украина Ресейге қарсы F-16 ұшағын қолдануға дайындалуда
27 тамыз 2024 / Мир

Украина Ресейге қарсы F-16 ұшағын қолдануға дайындалуда

Украина Ресейге қарсы F-16 ұшақтарын қолдануға дайындалуда, деді Зеленский.  Бұл туралы Украина президенті 26 тамызда халыққа кешкі видео үндеуінде айтты. «Бүгін мен күнді Украина қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырскиймен бөлек ұзақ әңгімеден бастадым: біз бұл зымыран шабуылына тойтарыс беруге егжей-тегжейлі дайындалып жатырмыз және біз Ресейге өз жауабымызды дайын. F-16, ал Курск облысындағы операция бойынша - біз Украинаға қажет болғандай белгілі бір аймақтардағы әрекеттерімізді жалғастырамыз», - деді Зеленский. 

Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды
27 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толды

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 18 млрд текше метрден артық су жинап, 100%-ға толды. Су қоймасы Қытай аумағынан бастау алатын трансшекаралық Іле өзенінің суын жинайды. Биыл көктемде секундына 900 текше метрге дейін су келген. Мамандар мұның себебін Тянь-Шань мұздықтарының еруі мен жауын-шашынның көп болуымен байланыстырады.