Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

ЛГБТ-ға қарсы петиция: Балалар аудиториясына анайы контент таратуға шектеу қойылады
2 тамыз 2024 / Новости Казахстана

ЛГБТ-ға қарсы петиция: Балалар аудиториясына анайы контент таратуға шектеу қойылады

«Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті. Отырысқа Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде мемлекеттік органдардың, өтініш берушілердің, сарапшылардың және басқа да мүдделі тараптардың ұстанымдары айтылған жұмыс тобының алдыңғы екі отырыс нәтижесі талқыланды. 

Астанада Шахмат олимпиадасының алауы жағылды
1 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Астанада Шахмат олимпиадасының алауы жағылды

Астана қаласында өтетін шахматтан командалық чемпионаттың ашылуы алдында маңызды іс-шара – Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) 100 жылдығына арналған Будапешт қаласында ұйымдастырылатын 45-ші Шахмат олимпиадасының салтанатты алау эстафетасын жағу рәсімі өтті. 

Қазақстан халқының саны 20 159 707 адамға жетті
1 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан халқының саны 20 159 707 адамға жетті

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша жаңартылған дерек жариялады. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам. 

Астанаға әлемнің ең мықты гроссмейстерлері келді
1 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Астанаға әлемнің ең мықты гроссмейстерлері келді

Астанада бастау алған командалық әлем чемпионатында 39 команданың құрамында әлемнің 315 үздік шахматшысы жүлдеге таласады. ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович жаңа форматтағы жарыс қазірдің өзінде шахматшылар былай тұрсын, көптеген көрерменге ұнап қалғанын атап өтті. 

БҰҰ Таяу Шығыста үлкен соғыстың алдын алуға шақырады
1 тамыз 2024 / Мир

БҰҰ Таяу Шығыста үлкен соғыстың алдын алуға шақырады

БҰҰ Таяу Шығыста үлкен соғыстың алдын алуға шақырады. Израиль армиясының Бейрутке жасаған соққысын және Теһранда Хамас жетекшісі Исмаил Ханиянің өлтірілуін сынаған БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш барлық мүдделі тарап «барлығына ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату үшін аймақтағы шиеленісті азайту үшін жігерлі жұмыс істеуі керек» деді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Таяу Шығыстағы шиеленісті деэскалациялау үшін халықаралық күш салу қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. 

Грузияда «шетел агенттері» туралы заң күшіне енді
1 тамыз 2024 / Мир

Грузияда «шетел агенттері» туралы заң күшіне енді

Грузияда «шетел агенттері» туралы заң күшіне енді. «Шетелдік әсердің ашықтығы» туралы даулы ереже 1 тамыздан бастап күшіне енді. Ол кірісінің 20 пайызын шетелден алатын ҮЕҰ мен БАҚ-ты мемлекеттік тізілімге тіркеліп, қаржысы туралы жыл сайын Әділет министрлігіне есеп беруге міндеттейді. Әйтпесе, оларға 25 мың лари (шамамен 8,5 мың еуро) көлемінде айыппұл салынады. 

Ресей, Қытай және Түркия ХАМАС жетекшілерінің бірінің өлтірілуін айыптады
1 тамыз 2024 / Мир

Ресей, Қытай және Түркия ХАМАС жетекшілерінің бірінің өлтірілуін айыптады

Ресей, Қытай және Түркия ХАМАС жетекшілерінің бірінің өлтірілуін айыптады.  Үш елдің өкілдері де бұл аймақтағы қақтығыстың өршуіне әкелуі мүмкін екенін айтты. Ресей Сыртқы істер министрлігі Исмаил Ханияның өлтірілуі Газа секторындағы ықтимал атысты тоқтату туралы келіссөздердің барысына «өте теріс» әсер етеді деп санайды. 

Жетісу облысында имамдар жаппай аттестациядан өтіп жатыр
1 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Жетісу облысында имамдар жаппай аттестациядан өтіп жатыр

Аттестаттау имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында өтті. Оған 27 азамат қатысты. Енді нәтижесі шыққан жағдайда имамы жоқ мешіттерге қызметке жіберіледі. Өңірдегі 12 ауылдық мешітте имам жоқ. Сондықтан, Нұр-Мүбәрәк университетін және медресе бітірген түлектерді жұмыспен қамту көзделіп отыр. 

Павлодарда босанып қалған 12 жасар оқушы сабағын жалғастырады
1 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Павлодарда босанып қалған 12 жасар оқушы сабағын жалғастырады

Павлодарда дүниеге сәби әкелген 12 жасар оқушы қыз сабағын жалғастырады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты. «Бұл жайт бала құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында тұр. Оқушы қыз сабағын жалғастыратыны сөзсіз. Психологиялық және педагогикалық та көмек көрсетіледі. Балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалған», - деді Насымжан Оспанова.