Қазақстан жаңалықтары1 тамыз 2024, 14:21

Жетісу облысында имамдар жаппай аттестациядан өтіп жатыр

Аттестаттау имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру мақсатында өтті. Оған 27 азамат қатысты. Енді нәтижесі шыққан жағдайда имамы жоқ мешіттерге қызметке жіберіледі. Өңірдегі 12 ауылдық мешітте имам жоқ. Сондықтан, Нұр-Мүбәрәк университетін және медресе бітірген түлектерді жұмыспен қамту көзделіп отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай ақ, білікті имамдар корпусын қалыптастыру мақсатында дін істері басқармасының тапсырысымен шілде айында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында имамдарды оқыту курсы басталды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бұған дейін Қостанай облысының бас имамы мас болып көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалғанын хабарлаған едік.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мас күйінде ұсталған Қостанай имамын жұмыстан шығарып, елден кешірім сұрады.

Күні кеше Қостанай облысына жаңа бас имам тағайындалды.

Жетісу облысы аттестация имамдар

Тақырыпқа жаңалықтар