Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Әлемдегі ең ұзын ит өлді
28 маусым 2024 / Мир

Әлемдегі ең ұзын ит өлді

Әлемдегі ең ұзын ит өлді. Бірнеше күн бұрын Гиннестің рекордтар кітабы айовалық Кевин есімді итті әлемдегі ең ұзын ит деп таныған. Иттің бойы 97 см, ал артқы аяғымен тұрғанда - 213 см. Иелерінің айтуынша, ол «неміс итіне жат — тым мейірімді» болатын және қонақ бөлмедегі диванда ұйықтағанды ​​ұнататын. 

Арнаулы әлеуметтік төлем 8,5 мыңға жуық адамға тағайындалды
28 маусым 2024 / Новости Казахстана

Арнаулы әлеуметтік төлем 8,5 мыңға жуық адамға тағайындалды

Биыл 8 476 азаматқа зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталған төлемді тағайындауға барлығы 9 255 адам өтініш білдірген. Екі көзден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 2 840 адам жүгінді, оның ішінде 2 730 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 6 415 адам өтініш білдіріп, оның 5 746-сына тағайындалған. 

АҚШ: Орбитада ресейлік жерсерік құлап қалды
28 маусым 2024 / Мир

АҚШ: Орбитада ресейлік жерсерік құлап қалды

Ресейлік Resurs P1 жер серігі Жердің төменгі орбитасында 100 бөлікке бөлініп кетті, деп жариялады NASA. Оқиға Халықаралық ғарыш станциясының маңында орын алып, борттағы астронавттарды бір сағаттай қауіпсіз баспанаға көшуге мәжбүр етті. Дегенмен қирандылар қауіп төндірмейді, деп қосты NASA. 

Өзбекстан мен Ресей киберқауіпсіздік пен цифрлық сараптама саласын нығайтады
28 маусым 2024 / Евразия

Өзбекстан мен Ресей киберқауіпсіздік пен цифрлық сараптама саласын нығайтады

Өзбекстан мен Ресей киберқауіпсіздік пен цифрлық сараптама саласындағы байланыстарды нығайтады. Сонымен қатар, елдер лаңкестікпен, есірткі бизнесімен және ұйымдасқан қылмыспен күресуде әріптестік қарым-қатынасты дамытуда. 

Қырғызстан білім саласын дамытуға Азия даму банкінен $40 млн алады
28 маусым 2024 / Евразия

Қырғызстан білім саласын дамытуға Азия даму банкінен $40 млн алады

Бұл қаражат саланы цифрландыруға және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталады. Қырғызстанның Жогорку Кенеш Азия даму банкінен 40 миллион доллар алу туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. 

НАТО Ресейдің Украинада үлкен жетістігін күтпейді
28 маусым 2024 / Мир

НАТО Ресейдің Украинада үлкен жетістігін күтпейді

"Ресей армиясы биылғы жылдың басында және жазда тағы да шабуылға шығуға тырысты, бірақ әзірге аз ғана табыстарға қол жеткізді. Біз Ресей үлкен жетістіктерге жетуге қабілетті деуге негіз көріп тұрған жоқпыз", - деді альянс хатшысы Йенс Столтенберг. 

Еуроеңес ЕО-ның жаңа көшбасшыларын таңдады
28 маусым 2024 / Мир

Еуроеңес ЕО-ның жаңа көшбасшыларын таңдады

Еуропалық кеңес ЕО-ның жаңа көшбасшыларын таңдады. Дауыс беру нәтижесінде Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссияның төрағасы болып қалады, Еуропалық кеңесті Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Кошта, ал ЕО сыртқы саясат қызметін Эстония премьер-министрі Кая Каллас басқарады. 

АЭС салу бойынша референдум күзде өтеді - Қ.Тоқаев
28 маусым 2024 / Новости Казахстана

АЭС салу бойынша референдум күзде өтеді - Қ.Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Жиын барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум күзде өтетінін айтты.