АҚШ: Орбитада ресейлік жерсерік құлап қалды
Ресейлік Resurs P1 жер серігі Жердің төменгі орбитасында 100 бөлікке бөлініп кетті, деп жариялады NASA. Оқиға Халықаралық ғарыш станциясының маңында орын алып, борттағы астронавттарды бір сағаттай қауіпсіз баспанаға көшуге мәжбүр етті. Дегенмен қирандылар қауіп төндірмейді, деп қосты NASA, - деп хабарлайды Arbat.media.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Resurs P спутниктері әскери емес мақсатта «Жер бетін өте егжей-тегжей, кең аумақты және гиперспектрлі оптикалық-электрондық бақылауға» арналған.
Мұндай спутниктің орбитада белсенді қызмет ету мерзімі бес жыл.
NASA мәліметінше, бұл нақты спутник екі жыл бұрын жұмысын тоқтатқан.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: