Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Қазақстан Сырдария бойынан сумен қамтамасыз ету туралы келісімге келді
12 қараша 2024 / Евразия

Қазақстан Сырдария бойынан сумен қамтамасыз ету туралы келісімге келді

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның су шаруашылығы ведомстволарының өкілдері Сырдария бойынан үлкен сумен қамтамасыз ету туралы келісімге келді. ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өзен бассейніндегі суды бөлуді тиімді деп атады. Қазақстан келесі жылдың сәуір айына дейін Сырдария өзенінен шамамен 11 миллиард текше метр су алады.

АҚШ Сириядағы ираншыл топтардың нысандарына соққы берді
12 қараша 2024 / Мир

АҚШ Сириядағы ираншыл топтардың нысандарына соққы берді

АҚШ Сириядағы ираншыл топтардың нысандарына соққы берді. Бұл соңғы 24 сағат ішінде елде жұмыс істейтін америкалық қызметкерлерге жасалған шабуылдарға жауап болды, деп түсіндірді АҚШ Орталық қолбасшылығы.

2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі

2025 жылдан бастап барлық өңірдегі балабақшаларда ваучерлік қаржыландыру енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған. Вице-премьердің атап өтуінше, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін балабақшаларда ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасын енгізу басталды. 

Елімізде 68 млн-нан астам дәрілік зат қаптамасы таңбаланды
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

Елімізде 68 млн-нан астам дәрілік зат қаптамасы таңбаланды

Биыл нарыққа 145 дәрілік затты өткізуге рұқсат берілмеді. «Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6 891 дәрілік зат пен мен 13 мыңнан астам медициналық құралдар мен жабдықтар тіркелген. Елімізде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы құралдарға зертханалық сараптама жасау бойынша 3 зертхана жұмыс істеп жатыр. Бұл зертханалар дәрінің сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне сараптама жүргізеді. Сараптама қорытындасы бойынша дәрі-дәрмектің қойылған талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жыл басынан бері нарыққа 145 дәрілік зат немесе берілген өтінімдердің 2,6%-ы енгізілмеді», - деді ҚР Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова. 

Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға шектеу жарты жылға ұзартылды
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда сұйытылған газды шығаруға шектеу жарты жылға ұзартылды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 2024 жылғы 8 қарашада «сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды. «Қазақстан Республикасының аумағынан 6 ай мерзімге автомобиль және теміржол көлігімен сұйытылған мұнай газын, пропан мен бутанды әкетуге тыйым салу енгізілсін», - делінген бұйрық мәтінінде7 

Әлемдегі ең биік көпір салынып жатыр
12 қараша 2024 / Мир

Әлемдегі ең биік көпір салынып жатыр

Салынып жатқан әлемдегі ең биік көпір Гуйчжоудағы Хуацзян шатқалы көпірінің құрылысында маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, кабельдік кран салмағы шамамен 215 тонна болатын алғашқы болат ферманы (конструкцияны - авт.) белгіленген жерге дәл орналастырып, көпірдің келесі жылы ашылуы мен пайдаланылуына негіз қалап, жаңа кезеңге өтті. 

Қазан айында маусымдық мамандықтарға сұраныс артты
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қазан айында маусымдық мамандықтарға сұраныс артты

Қазан айында Электрондық еңбек биржасында 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда іздеу және жалдау белсенділігі төмендеді: бос жұмыс орындарының саны 9%-ға (13 мың), ал түйіндеме 13%-ға (16,5 мың) азайды. Белсенділіктің төмендеуі білім беру саласындағы сұраныс пен ұсыныстың төмендеуімен түсіндіріледі, оқу орындарында кадрларды даярлаудың аяқталуына байланысты болуы мүмкін. 

Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: 100 мыңнан астам үй ТЖМ есебіне алынды
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: 100 мыңнан астам үй ТЖМ есебіне алынды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Қостанай облысының Жітіқара қаласында болған трагедияның себептерін айтты. «Жеке тұрғын үйлерде ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан балалардың топтық өлімі орын алады. Осындай оқиғаның бірі Жітіқара қаласында 11 қазанда болды. Салдарынан үйде қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Министрлік аталған фактілерді ескере келе, әлеуметтік осал топтарды өзінің ерекше бақылауында ұстауда. Бүгінде есепте тұрған 100 мыңнан астам үй бар», - деді ТЖМ басшысы. 

Қазақстан Қытайға май өнімдері экспортын $250 млн жеткізуді көздеп отыр
12 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан Қытайға май өнімдері экспортын $250 млн жеткізуді көздеп отыр

Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекордты жаңартып, $250 млн көрсеткішіне жеткізуді көздеп отыр. Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының (МДӨҰҚ) басқарма төрағасы Ядыкар Ибрагимовтің айтуынша, экспорттың өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі – Қазақстанда өндірілген ақуызы жоғары жемшөптер үшін Қытай нарығының ашылуы болды, ол үшін қытайлық сатып алушылар жоғары баға ұсынып отыр.