Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: 100 мыңнан астам үй ТЖМ есебіне алынды
Фото: ҚР Үкіметі
Фото: ҚР Үкіметі
Қазақстан жаңалықтары12 қараша 2024, 10:00

Жітіқарадағы 5 баланың өлімі: 100 мыңнан астам үй ТЖМ есебіне алынды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Қостанай облысының Жітіқара қаласында болған трагедияның себептерін айтты. «Жеке тұрғын үйлерде ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан балалардың топтық өлімі орын алады. Осындай оқиғаның бірі Жітіқара қаласында 11 қазанда болды. Салдарынан үйде қараусыз қалған бес бала қаза тапты. Министрлік аталған фактілерді ескере келе, әлеуметтік осал топтарды өзінің ерекше бақылауында ұстауда. Бүгінде есепте тұрған 100 мыңнан астам үй бар», - деді ТЖМ басшысы, - деп хабарлайды Arbat.media.

100 мың үйдің тұрғындарына әкімдіктер мен еріктілер бірлесіп атаулы көмек көрсетіп отыр. Өрт датчиктері орнатылып, жылу беру жүйелерін тазартылып тұрады екен.

«2021 жылдан бері 107 мыңнан астам датчик орнатылды. Олар адамды улы газдан болатын қауіп туралы алдын ала ескерту мүмкіндігін береді. Өрт датчиктерінің іске қосылған 55 жағдайы тіркеліп, соның арқасында 248 адамның өмірі аман қалды», - деді Шыңғыс Әрінов.

ТЖМ есеп беру Қостанай Жітіқара балалар өлімі

Тақырыпқа жаңалықтар