Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

The Washington Post: Трамп Путинге телефон соғып, «Украинадағы жағдайды шиеленістірмеуді» сұрады
11 қараша 2024 / Мир

The Washington Post: Трамп Путинге телефон соғып, «Украинадағы жағдайды шиеленістірмеуді» сұрады

Трамп Путинге телефон соғып, «Украинадағы жағдайды шиеленістірмеуді» сұрады. WP дереккөздерінің хабарлауынша, 7 қарашада өткен әңгімеде АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Путинмен Ресей-Украина соғысын «тез шешу» туралы сөйлескен. Дональд Трамп Вашингтонның «Еуропадағы маңызды әскери қатысуын» еске алып, Ресей президентін шиеленістен аулақ болуға шақырды, деп хабарлайды басылым дереккөздерге сілтеме жасап. 

Болашақта Украинаның Еуропалық Одаққа кіру мәселесімен кім айналысады?
11 қараша 2024 / Мир

Болашақта Украинаның Еуропалық Одаққа кіру мәселесімен кім айналысады?

Украинаның болашақта Еуропалық Одаққа кіру мәселесімен кім айналысады? Еуропалық Одақтың кеңею жөніндегі комиссары қызметіне үміткер Марта Кос Еуропарламенттегі тыңдау кезінде Украинаны қолдауды Еуроодақтың міндеті деп атады.«Менің мақсатым – Киевпен қосылу туралы келіссөздердегі қарқынын жоғалтпай реформалар бойынша жұмыс істеу, сонымен бірге G7 елдерімен және басқа серіктестермен бірлесіп Украинаны қалпына келтіруге жұмыс істеу», - деді Словения өкілі. 

Киев: Трамптың инаугурациясына дейінгі «бейбітшілік жоспары» негізсіз
11 қараша 2024 / Мир

Киев: Трамптың инаугурациясына дейінгі «бейбітшілік жоспары» негізсіз

Киев: Трамптың инаугурациясына дейінгі «бейбітшілік жоспарлары» негізсіз. АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына дейін БАҚ-та жарияланған ресей-украин соғысын реттеудің кез келген сценарийі шындыққа жанаспайды, деді телемарафон барысында Украинаның жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығының жетекшісі Андрей Коваленко. 

Трампқа дейін Байден Украинаға 6 миллиард доллар көмек бермекші
11 қараша 2024 / Мир

Трампқа дейін Байден Украинаға 6 миллиард доллар көмек бермекші

Трампқа дейін Байден Украинаға 6 миллиард доллар көмек бермекші. АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан CBS Face the Nation бағдарламасында Джо Байден Киевке қалған соманы бөлумен қатар, болашақ президент Дональд Трампқа АҚШ-тың Украинаға қолдау көрсетуін тоқтату жаһандық қауіпке әкелетінін ескертетінін айтты. 

Бедеулік деңгейі неліктен 16-17% түспей тұр
11 қараша 2024 / Новости Казахстана

Бедеулік деңгейі неліктен 16-17% түспей тұр

Қазақстанда бедеулік деңгейі 16-17% пайыз. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі барысында Вячеслав Локшин мәлім етті. Белгілі отандық ғалым, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, қазір орташа есеппен бедеулік жиілігі – 17 пайыз және бұл көрсеткіштің өздігінен азаю үрдісі байқалмайды. Диагностиканың қазіргі заманғы әдістерінің дамуы бедеуліктің нақты себептерін анықтап, оны емдеу жолдарын іздеуге көмектеседі. Бедеуліктің 40%-дай жағдайы ерлердің репродуктивті жүйесі жұмысына байланысты. Ал аралас бедеуліктің жиілігі 30%-ды көрсетеді.

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды
11 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейден экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Күдікті 2023 жылдың тамыз айында Павлодарда біреудің мүлкін зорлық-зомбылық арқылы иемдену мақсатында осы қылмысты жасау үшін танысымен қылмыстық келісімге келген. 

Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлап отыр
11 қараша 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін арттыруды жоспарлап отыр

Елімізде импортты алмастыру және бәсекелестік артықшылықтарды арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша пәрменді шаралар қабылданып келеді. АӨК-ті жеңілдікпен қаржыландыру көлемі өсіп, субсидиялау жүйесі реформалануда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі мен лизингі көлемі артып келеді. Мұның барлығы өз нәтижесін беріп, Қазақстан бүгінде ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге күш салып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыруға ұмтылуда. 

Биыл 47,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
11 қараша 2024 / Новости Казахстана

Биыл 47,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 264 кәсіпорны 17,8 мың жұмыскерге 3,9 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 7,1 мыңнан аса еңбек құқығының бұзылуы анықталды. 

Доллар 491-496 теңгеден саудаланып жатыр
11 қараша 2024 / Новости Казахстана

Доллар 491-496 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491 - 496 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 11 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 529,97.