Бедеулік деңгейі неліктен 16-17% түспей тұр
Фото: Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығы
Qazaqstandıq reprodwktïvti medïcïna qawımdastığı
Қазақстан жаңалықтары11 қараша 2024, 12:00

Бедеулік деңгейі неліктен 16-17% түспей тұр

Қазақстанда бедеулік деңгейі 16-17% пайыз. Бұл туралы Қазақстан репродуктивті медицинасының XVI Халықаралық конгресі барысында Вячеслав Локшин мәлім етті. Белгілі отандық ғалым, қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, қазір орташа есеппен бедеулік жиілігі – 17 пайыз және бұл көрсеткіштің өздігінен азаю үрдісі байқалмайды. Диагностиканың қазіргі заманғы әдістерінің дамуы бедеуліктің нақты себептерін анықтап, оны емдеу жолдарын іздеуге көмектеседі. Бедеуліктің 40%-дай жағдайы ерлердің репродуктивті жүйесі жұмысына байланысты. Ал аралас бедеуліктің жиілігі 30%-ды көрсетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Алғашқы жылдары бала алдыру айтарлықтай төмендегенімен, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш тұрақты және көпшілік контрацепцияны жеткілікті түрде қолданбайды. Сондықтан бедеулік деңгейі 16-17% деңгейінде сақталып тұр. Ерлер бедеулігі, әйелдер бедеулігінің себептері арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялардан болатын қабыну аурулары, аборттар және басқа да факторлар бар», - деді Вячеслав Лошкин, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Профессор репродуктивтік жүйенің бұзылуын болдырмау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Жыныстық тәртіптілікті сақтау, ерте диагноз қою, отбасын дұрыс жоспарлау, антивирус гормонын тексеру қажеттігін атап өтті.

2021-2024 жылдар аралығында елімізде 27 мыңнан астам экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) жасалды. 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 9 мыңнан астам бала дүниеге келсе, 2 мыңға жуық әйел жүкті ретінде есепте тұр.

Алматыда өткен халықаралық конгреске еліміздің жетекші ғылыми және клиникалық орталықтарының басшылары, акушер-гинеколог дәрігерлер, ЭҚҰ орталықтарының өкілдері, бедеулікті емдейтін андрологтар, эндокринологтар, эмбриологтар, хирургтар, генетиктер және молекулалық биологтар – Қазақстанның, Грузияның, Ресейдің, Беларусьтің, Өзбекстанның, Қырғызстанның, АҚШ-тың, Сербияның, Израильдің, Италияның, Германияның, Түркияның және Румынияның жетекші мамандары қатысты.

 

Вячеслав Локшин ДСМ бедеулік Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар