Доллар 491-496 теңгеден саудаланып жатыр
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары11 қараша 2024, 10:47

Доллар 491-496 теңгеден саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 491 - 496 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 11 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 491,71 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 529,97, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,73 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 494,55 теңге. Еуро 528,65 — 532,83 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 491 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 8 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 491,74 теңге болған.

Осыған дейін отандық қаржы сарапшылары теңгенің долларға шаққандағы бағамына қатысты пікір білдірген еді.

Қаржыгер Расул Рысмамбетов қазір теңгенің әлсіреуі АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі емес, ең алдымен ішкі экономикалық факторларға байланысты деп есептейді.

доллар бағамы 491-496 теңге доллар Сауда

Тақырыпқа жаңалықтар