Заира Сабитова

Заира Сабитова

Журналист

email

Материалы автора

Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады
3 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан заманауи газ өңдеу өнеркәсібін құрады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз», QazaqGaz, «Самұрық-Энерго», KEGOC, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ компаниялары басшылығының қатысуымен Энергетикалық кеңес отырысы өтті.

Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
3 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Атырау облысындағы Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Махамбет ауданындағы гуманитарлық көмек штабының жетекшісі Жексенбай Пазуловтың мәліметінше, осы кезге дейін 30 тонна гуманитарлық көмек қоры жинақталған.

Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасы әзірленді
3 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасы әзірленді

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы мүгедектігі бар адамдарды медициналық, еңбек және әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында сенаторлар мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге аталған санаттағы азаматтарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасын әзірледі. Сондай-ақ оларды ары қарай іске асыру мәселелерін талқылады.

«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген
3 мамыр 2024 / Новости Казахстана

«Мүлікке талас»: Ақтөбеде бұрынғы күйеуі әйелін тұншықтырып өлтірген

Қайғылы оқиға Ақтөбе облысының Сарқұл ауылында болды. Бұл туралы қоғам қайраткері Дина Таңсәрі айтып берген. Vesti_pavlodar Instagram-парақшасында хабарланғандай, ерлі-зайыптылар 2022 жылы ажырасқан. Ер адам басқа әйелмен жеке өмірін құра бастаған. Ол алимент төлемеген, үш баласымен араласпаған. Алайда екі жылдан кейін бұрынғы отбасына қайта оралып келген.

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрланған көшірмесіне қол жеткізді
3 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрланған көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор. Ел тарихына қатысты барлық құнды жазбалардың тыңғылықты зерттелуі – мемлекетіміздің тарихы мен болашақтағы таным-ұстанымының қалыптасуына көмектеседі. Бүгінгі күні ғылымда тілдік зерттеулерді қажет ететін, көне дәуір мен қазіргі түркі тілдерінің туыстығын айқындауда, сабақтастығын ашып көрсетуде орта ғасырлық армян-қыпшақ мұралары ерекше орынды еншілейді. Дәл осындай дереккөз мәліметі бүгінде Украинадан табылып отыр.

ҰБТ-2024: Шекті балл қандай?
3 мамыр 2024 / Новости Казахстана

ҰБТ-2024: Шекті балл қандай?

Негізгі ҰБТ-ға өтініштер 6-14 мамыр аралығында қабылданады. Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін өтеді. Ал төтенше жағдай режимі енгізілген 6 өңір (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) түлектері құжаттарын 20 мамырға дейін тапсыра алады, олар үшін ҰБТ 25 мамыр мен 12 шілде аралығында өткізіледі.

Қазақстанда қанша су қоймасы 100% толып тұр
3 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда қанша су қоймасы 100% толып тұр

Су ресурстары және ирригация министрлігі осы сағаттағы су қоймасындағы жағдайды баяндады. БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толған. Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да 100%-ға толы. Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші — 97%.