Қазақстан жаңалықтары3 мамыр 2024, 13:14

Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Атырау облысындағы Махамбет ауданына 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Махамбет ауданындағы гуманитарлық көмек штабының жетекшісі Жексенбай Пазуловтың мәліметінше, осы кезге дейін 30 тонна гуманитарлық көмек қоры жинақталған, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен бүлінбейтін өнімдер Атырау қаласынан жеткізіліп жатыр. Бір айда штабқа жеткізілген 30 тонна гуманитарлық көмектің арасында 100 кило киім бар. Гуманитарлық жүк ауданға аптасына екі рет жеткізіледі. Біз жүкті өзіміз түсіреміз. Азық-түліктің жарамдылық мерзімін тексереміз. Түріне байланысты сұрыптаймыз. Жинақталған қорда бірінші кезекте тұтынатын құтыдағы су, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, сәбилерге арналған гигиеналық жөргектер және басқа да қажетті заттар бар», -деді Жексенбай Пазулов.

Махамбет ауданы Тасқын гуманитарлық көмек

Тақырыпқа жаңалықтар