Қазақстан жаңалықтары3 мамыр 2024, 12:23

Қазақстандағы ең танымал есімдер

Ұлттық стистика бюросы танымал есімдер мен тектерді жариялады. Бюро мәліметінше 10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан астам есім және 100-ден астам рет кездесетін 29 мың тектің бары анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстанда ең көп таралған ерлер есімі:

Азамат (63 мың адам);Серік (53 мың адам);Марат (50 мың адам).

Әйелдер есімі:

Аружан (73 мың адам),Мәдина (59 мың адам),Динара (59 мың адам).

- Сондай-ақ, 585 мың адам әйелге де, ерлерге де қойылатын есімдерді арқалап жүр, - дейді Ұлттық стастистика бюросы.

Олардың ішіндегі ең танымалы - Бақыт пен Сәулет.

Қазақша ер адамның есімдеріне «бай», «бек», «жан», «хан» сөздері көп жалғанған. Әсіресе «хан» сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсіп келеді.

Қазақтар қысқа есімдерді көбірек ұната бастаған.

Бір қызығы, 70-80-жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болады.

Қазақстан танымал есімдер

Тақырыпқа жаңалықтар