ЕуразияКеше, 18:22

Адам өлтіруге тапсырыс берген қазақстандық Дубайда ұсталды

«Адам өлтіру» бабымен халықаралық іздеуде жүрген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінде қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тергеу мәліметінше, ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату директорының өліміне қатысты қастандық ұйымдастырған. Қылмысқа техника жеткізуге байланысты туындаған қарыз себеп болған.

Еске салайық, былтыр күзде Алматы облысында күдіктінің тапсырысы бойынша екі адам директорды өлтірген. Бұған дейін кісі өлтіруді тікелей орындаған күдіктілер ұсталып, қамауға алынған болатын.

БАӘ Дубай қашқын Қылмыскер
Кеше, 15:48 Қазақстан жаңалықтары
16 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар