Ақтауда ер адам балалар ауруханасында дәрігерге шабуыл жасаған
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде келуші хирург дәрігерге күш көрсеткен. Оқиға дәрігер баланы тексеріп, ауруханаға жатқызуға медициналық көрсетілім жоқ екенін түсіндіргеннен кейін болған,деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға орнына полиция шақырылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, Қазақстанда қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Құқықбұзушылықтың ауырлығына қарай кінәлі адам 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: