ЕуразияКеше, 21:20

Алапат өрттен көз жұмған 40 адамның жеке басы анықталмады

Гонконгта өрттен опат болған 40 адамның жеке басы анықталмады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Гонконгтағы алапат өрттен опат болған 120 адамның жеке басы анықталды. ДНҚ талдауы арқылы тағы 40 марқұмды анықтау міндеті тұр. 6 адам әлі күнге дейін табылған жоқ. Қазір зардап шеккен 20-дан астам азамат ауруханада ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты.

Билік өрттің себептерін тергеу үшін тәуелсіз комиссия құрды. Бұған дейін тексеріс нәтижесінде өртке қарсы материалдар мен дабыл жүйесінен ақау анықталған еді.

гонконг Өрт Апат Адам

Тақырыпқа жаңалықтар