Аустралия әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салды
Аустралияда 10 желтоқсаннан бастап 16 жасқа толмаған балаларға TikTok, Facebook, Instagram, X, YouTube, Snapchat, Reddit, Kick, Twitch және Threads платформаларына кіруге рұқсат жоқ, деп хабарлайды Arbat.Media.
Осы қолданбалар балалардың аккаунттарын өшіруі тиіс. Жаңа заң талабы орындалмаса, платформаларға 49,5 млн австралиялық доллар (шамамен 33 млн АҚШ доллары) айыппұл салынуы мүмкін. Бұл тәжірибені Малайзия, Дания және Норвегия енгізуге дайын екенін жариялады. Еуропалық Одақ та ұқсас шектеулер туралы резолюция қабылдаған.
«Бұл барынша пайдасын береді. Бұл біздің ел кездестірген ең ауқымды әлеуметтік және мәдени өзгерістердің бірі. Біз ауқымды реформаны қолға алдық, оның әсері бүкіл әлемге сезіледі», - деді премьер-министр Энтони Албанезе.
Еске салайық, Қазақстанда да 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тіркелуге тыйым салынбақ. Ашық НҚА порталында БАҚ және онлайн платформалар туралы заңға жаңа түзетулер енгізілді. Олар балаларды зиянды контенттен және интернеттегі қауіптерден қорғауға бағытталған.