Ер адам Мексика президентінің бетінен сүйіп, кеудесіне жармасты
Мексика президенті Клаудия Шейнбаум Мехико қаласының орталығында серуендеп жүрген кезде оның бетінен белгісіз бір ер адам сүйіп кетті. Тіпті, ер адам қолын президенттің кеудесіне тигізуге тырысқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мексика президенті болған жағдайдан кейін дереу полицияға жүгінді. Қаланың мас тұрғыны тәртіп бұзушы болып шықты.
«Егер мұндай іс президентке жасалып жатса, еліміздің жас әйелдері туралы не айту керек? Ешбір ер адамның әйелдің жеке шекарасын бұзуға құқығы жоқ», - деді Шейнбаум.
Мексика президенті Әйелдер істері министрлігіне елдің барлық штаттарында жыныстық зорлық-зомбылықты қылмыстық құқық бұзушылық деп тануды тапсырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: