ЕуразияКеше, 12:28

Ер адамның көңіл күйі болмай, әйелін пышақтап тастады

Жүкті әйелін өлтірген ер адам 30 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Нью-Йорк штатында 33 жастағы ер адам жүкті әйелін аяусыз өлтіріп, екі қызына пышақпен шабуыл жасады. Мұның бәрі үшінші баланың қайтадан қыз болып туылуына байланысты болған.

Қайғылы оқиға Мейсонвилл қаласында 2024 жылдың қыркүйегінде болды. Дрю Гарниер жүктіліктің бесінші айында болған кезде құрсағындағы нәрестенің қыз екенін біледі. Ер адам тағы қыз болатынына ашуланып, әцелді өлтіреді. Әрі 6 жасар Иззи мен 9 жасар Аделинаға шабуыл жасады. Екі қыз да аман қалды, бірақ ауыр пышақ жарақатын алды.

Жауап алу кезінде Гарниер бұл әрекетін мойындады. Тергеудің айтуынша, шабуылдың себебі — ер адам ұлды болғысы келген,

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны 30 жылға бас бостандығынан айырды.

Қылмыс Жүкті Әйел күйеу

Тақырыпқа жаңалықтар