ЕуразияБүгін, 16:20

Ерлікпен көз жұмған 8 жастағы баланың денесі жер қойнына тапсырылды

Суға батып бара жатқан досын құтқармақ болған 8 жастағы Хизирдің денесі сегіз күндік іздеуден кейін табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға 15 маусым күні болған. Хизир екі досымен бірге Сунжа өзенінің жағасына барған кезде олардың бірі – Адам суға құлап кеткен. Сол сәтте ол еш ойланбастан досын құтқару үшін өзенге секіріп, «Жүр, біз еркекпіз ғой, оны құтқарайық», – деп көмекке ұмтылған. Үшінші бала үлкендерді шақыруға жүгірген.

Куәгерлер өзен жағасындағы ағаш тамырларына жармасып қалған Адамды аман алып қалғанымен, ағысы қатты өзен Хизирді алып кеткен.

Баланы іздеуге мыңдаған ерікті мен құтқарушылар жұмылдырылып, сегіз күн бойы Сунжа өзені бойында іздеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілді. Алайда 22 маусым күні кешке Хизирдің мәйіті табылды.

Бала Су дос Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар