Гонконгте жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге құлады
Гонконгте жүк ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, теңізге құлады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полицияның хабарлауынша, жүк тасымалдайтын Boeing 747 ұшағы уақытында тоқтай алмай, Гонконг халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағынан шығып кеткен.
Ұшақ қызмет көрсету көлігімен соқтығысып, теңізге құлаған, деп хабарлайды ВВС.
Оқиға салдарынан көлікте болған екі адам қаза тапты. Ұшақтағы 4 экипаж мүшесі зардап шеккен жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: