Астанада стендап-комик айыппұл арқалады
Соттың мәліметінше, әртіс дөрекі сөздері арқылы көрермендерді құрметтемей, қоғамдық тәртіпті бұзған. Бұған дәлел ретінде оның өнер көрсету сәтіндегі бейнежазба ұсынылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Комик кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Сондай-ақ қамауға алмауды сұраған. Сот оның өтінішін ескеріп, 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салды.
Сот комиктің аты-жөнін жарияламаған. Құжатта ол "азамат Қ." деп көрсетілген.
Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: