ЕуразияБүгін, 16:28

Италияда Газаны қолдаған жалпыұлттық шеру өтті

Елдің 80 қаласында палестиналықтарға қолдау білдірген 24 сағаттық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қатысушылар биліктен Израильмен дипломатиялық қатынасты үзуді және санкциялар жариялауды талап етті.

Наразылыққа түрлі сала қызметкерлері қосылды. Милан мен Венецияда полициямен қақтығыс болды. Болоньяда автострада, Генуяда порт жолдары жабылды.

Полиция шеруді тарату үшін су мен газ қолданды. Шерушілер тәртіп сақшыларына орындық пен файер лақтырған. 60-тан астам полицей жараланды, Миланда ондаған адам ұсталды.

газа Италия Шеру көтеріліс

Тақырыпқа жаңалықтар