ЕуразияБүгін, 13:32

Мысырда Қатардың 3 елшісі көз жұмды

Газадағы жағдай бойынша келіссөздерге қатысу үшін келген Қатар делегациясының үш мүшесі Мысырда жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Басылымның арабтілді БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, қайғылы оқиға келіссөздер өтіп жатқан Шарм-эш-Шейхте болған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қатар премьер-министрімен бірге келген делегацияның үш мүшесі қаза тапқан. Тағы үшеуі жараланып, Шарм-эш-Шейх халықаралық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

MBC Egypt тілшісі оқиғаның Шарм-эш-Шейхтен 50 шақырым жерде болғанын хабарлады.

Төтенше жағдай әлемде қоғамдық резонанс тудырды, өйткені жол апаты Газадағы жағдай бойынша шиеленіске толы келіссөздер аясында болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Израиль мен ХАМАС Газадағы бейбітшілік жоспарының бірінші кезеңі аясында келісімге қол қойғанын хабарлаған еді.

Келісім бойынша ХАМАС кепілге алынған барлық тұтқынды босатуға міндетті, ал Израиль "берік, ұзақ және мәңгілік бейбітшілікке бағытталған алғашқы қадам" ретінде өз әскерін келісілген шепке дейін әкетуі керек.

 

Қатар Мысыр Елші қаза болды

Тақырыпқа жаңалықтар