Еуразия26 наурыз 2024, 14:00

Өзбек саясаткері жоғарғы оқуға түспеген жігіттерді әскерге жіберуді ұсынды

Өзбекстанның «Миллий тикланиш» саяси партиясының жетекшісі Әлішер Кадыров жоғарғы оқу орнына түспеген мектеп түлектерін бір жыл әскерге жіберу туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желілерінде жазды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, Ұлттық гвардия мектеп ісіне араласқаннан кейін 124 мың оқушының себепсіз сабаққа қатыспағаны белгілі болып, үш мың ата-анаға айыппұл салынды.

Қадыров жастарды тәртіпке, жауапкершілікке үйрету маңызды деп есептейді.

Оның ойы мектептен кейін жоғары оқу орнына түспеген жігіттерді бір жыл әскери борышын өтеуге жіберу.

«Егер біз мектепте және әскерде тәртіп пен жауапкершілікке үйретпесек, оны түрмеде де үйретпейміз», - деп түсіндірді ол.

Саясаткер мектепте ұстазға еркіндік беріп, оқушы тәртіпті болу керектігін, тәрбие мәселесінде түбегейлі шешімдерден аулақ болуға болмайтынын атап өтті.

Әлішер Кадыров Өзбекстан жігіттер Әскер

Тақырыпқа жаңалықтар