Өзбекстан Орта дәлізбен Еуроодаққа жүк тасымалын арттырмақ
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Kazinform
Еуразия9 қыркүйек 2024, 13:23

Өзбекстан Орта дәлізбен Еуроодаққа жүк тасымалын арттырмақ

Өзбекстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Еуропалық Одаққа транзиттік жүк тасымалын арттыруға ниетті. ӨР Көлік министрлігінен мәлім еткендей, Ташкентте Өзбекстан мен Болгария арасындағы халықаралық көлік байланысы жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Онда тараптар жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және көлік кәсіпорындары үшін жағдай жасау мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған қоса, кездесуге арқау болған тақырыптың бірі - Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Еуропалық Одаққа транзиттік жүк тасымалын ұлғайту.

Өзбекстан мен Болгарияның көлік ведомстволары жүк көліктерінің жүргізушілеріне берілетін рұқсат бланкілерінің санын 2025 жылы 15 есеге ұлғайтуға уағдаласты.

 

Өзбекстан Еуроодақ жүк тасымалы Орта дәліз

Тақырыпқа жаңалықтар