9 қыркүйек 2024
/ Евразия
Өзбекстан Орта дәлізбен Еуроодаққа жүк тасымалын арттырмақ
Өзбекстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы Еуропалық Одаққа транзиттік жүк тасымалын арттыруға ниетті. ӨР Көлік министрлігінен мәлім еткендей, Ташкентте Өзбекстан мен Болгария арасындағы халықаралық көлік байланысы жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Онда тараптар жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және көлік кәсіпорындары үшін жағдай жасау мәселелерін талқылады.