Өзбекстан: Жұмыста кезінде туған күн тойлағандар жауапқа тартылды
Қашқадария облысының Ғузор ауданында жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс орнында туған күнін тойлап жатқан видео тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қашқадария облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жариялады.
Бұл жағдайды басшылық зерделеген.
«Ғузор аудандық жедел медициналық жәрдем станциясының бөлім меңгерушісі, бас мейірбике және екі кезекші мейірбикеге Еңбек кодексінің тиісті баптары бойынша тәртіптік жаза қолданылды», – делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: