Өзбектан: Мұраға таласып анасын пышақтап өлтірген ер адам сотталды
Өзбекстанда қарт анасын пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты.Оқиға 2023 жылдың қараша айында Сурхандарияда болған. Ер адам мен оның қарт анасының арасында келіспеушілік туындапты. Оған себеп қарт әйел немересінің күйеуіне мұрасының 40 пайызын бермек болған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Анасының шешімімен келіспеген ер адам ұйықтап жатқан анасына бірнеше рет пышақ сұққан. Кетіп бара жатқанда ыңырсыған дауысты естіп, мойын тұсынан тағы бірнеше рет пышақ сұғып алған.
Сот оны Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 97-бабының 2-бөлігімен (Адамды дәрменсіз жағдайда қасақана өлтіру) кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: