Placeholder
Фото: Александр Павский/ Kazinform
Kazinform
Еуразия4 қыркүйек 2024, 10:34

Қырғызстан 5 қыркүйектен бастап Қазақстаннан баратын азаматтарға қойылатын талаптарды өзгертеді

5 қыркүйектен бастап Қырғызстан Министрлер кабинетінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 437 қаулысына сәйкес, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ азаматтардың елге келуінің жаңа ережелері күшіне енеді. Ведомство елде жұмыс істеуге, оқуға немесе бизнеске қатысы жоқ жеке себептер бойынша 60 күннен артық болуды жоспарлап отырған азаматтар үшін жаңа тәртіпке назар аударды. Енді тіркелу үшін оларға сапардың мақсатына байланысты республикада болу құқығын растайтын құжат қажет болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы елдің Цифрлық даму министрлігі хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жаңа талаптар Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Армения, Беларусь, Грузия, Әзербайжан және Молдова сияқты визасыз режимі бар елдердің азаматтарына қатысты.

Негізгі өзгерістер:

 

  • ЕАЭО елдерінің (Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь) азаматтары әрбір 180 күндік кезеңде Қырғыз Республикасында 90 күнге дейін тіркеусіз бола алады. Тәжікстан, Грузия, Әзербайжан және Молдова азаматтары үшін бұл мерзім 120 күндік мерзім ішінде 60 күнді құрайды;
  • осы мерзімдерден артық болу үшін республикада болу құқығын беретін уақытша тұруға ықтиярхатты немесе басқа құжатты, оның ішінде тұру ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, "Қайрылман" куәлігін немесе "Мекен-карта" куәлігін ресімдеу қажет;
  • уақытша тұруға ықтиярхат 15 жұмыс күні ішінде рәсімделеді, жыл сайын бес жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі.

 

Көрсетілген мерзім уақыты аяқталғаннан кейін азаматтар Қырғызстан аумағынан кетуге міндетті және тиісінше 60 немесе 90 күн толмай қайта кіре алады.

Сонымен қатар, азаматтар міндетті тіркеуден босатылмаса, кірген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде тіркеуден өтуге міндетті. Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армения азаматтары үшін мұндай кезең 30 күн, Әзербайжан — 15 күн, Тәжікстан — 60 күн, Грузия — 90 күн.

Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі жанындағы халықты тіркеу департаментінің кез келген аумақтық бөлімшесінде уақытша тұруға рұқсатты рәсімдеу және консультациялар қолжетімді.

Қырғызстан 5 қыркүйек Қазақстан Талап

Тақырыпқа жаңалықтар