Қырғызстан мен Ресей тауар айналымы $5 миллиардқа артады
Қырғызстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 5 миллиард долларға дейін артады. Бұл туралы Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Красноярскіге жұмыс сапары барысында мәлім етті. Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров Красноярск қаласына жұмыс сапарымен барып, 25-ші Қырғыз-Ресей үкіметаралық комиссиясының пленарлық отырысына және Қырғыз-Ресей 11-ші өңіраралық конференциясына қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Іс-шаралар аясында ол Мәскеу мен Бішкектің тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Жапаров Ресей мен Қырғызстан арасындағы әріптестікті дамытудың маңыздылығына тоқталып, түрлі деңгейдегі екіжақты байланыстардың табысты дамып келе жатқанын атап өтті.
Саясаткер екі елдің таяу болашақта тауар айналымын арттыруға ұмтылысын растады.
Сонымен қатар Жапаров Қырғызстанның ресейлік инвесторлармен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.
Республикаға ресейлік капиталды тарту жұмыстарына Ресей экспорт орталығы, Еуразиялық даму банкі, Ресей-Қырғыз даму қоры және т.б. ұйымдар атсалысуда.
Шенеунік, сондай-ақ, ресейлік бизнес өкілдерін түрлі іс-шараларға, соның ішінде Ыстықкөл инвестициялық-экономикалық форумына және жеңіл өнеркәсіп көрмелеріне қатысуға шақырды.
Жапаров Ресейдің қолдауымен биыл Ыстықкөл облысындағы Қарқыра тау шаңғысы курортын және басқа да туристік нысандарды салу бойынша ірі жобаны жүзеге асыру басталғанын еске салды.
Ол Қырғызстанда ресейлік туристерді әрқашан қарсы алатынын айтты.