Еуразия13 наурыз 2024, 12:00

Қырғызстан халқының осал топтарын қолдауға 3,5 миллион доллар жұмсалады

Қырғызстан халқының осал топтарын қолдауға шамамен 3,5 миллион доллар жұмсалады.Тиісті құжатқа Жапонияның республикадағы Елшісімен және БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының аймақтық директорымен келіссөздер аясынд а қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Гүлнар Баатирова Жапонияның Елшісі Хидеки Годамен және Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының (БҰҰ) аймақтық директорымен кездесіп, республикадағы аз қамтылғандарды қолдау мәселелерін талқылады. Бұл туралы Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыста халықтың әлжуаз топтарын қолдауға шамамен 3,5 миллион доллар көлемінде қаражат бөлу туралы келісімге қол қойылды. Бұл қаражат ұн, өсімдік майы сияқты азық-түлік өнімдерін сатып алып, таратуға жұмсалады.Сонымен қатар, бөлінген соманың бір бөлігі ауыл шаруашылығы мамандары мен кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ республика бойынша «Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі көмек» бағдарламасына қатысушыларды оқытуға бағытталады.

Баатырова Жапониямен ынтымақтастықтың нақты нәтиже беретінін атап өтті. Ол өңірлерде экономиканың дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізген өрік майын өндіру және емдік шөптерді өңдеу бойынша сәтті жобаларды атап өтті.

 

3,5 миллион доллар Қырғызстан Жапония осал топ

Тақырыпқа жаңалықтар