Еуразия19 қазан 2023, 9:28

Қырғызстанда Ресей ІІМ тарапынан іздеуде жүрген Лев Скорякин жоғалып кетті

Қырғызстанда «ЧКист күні құтты болсын» акциясы бойынша Ресей Ішкі істер министрлігі тарапынан іздеуде жүрген «Сол блок» белсендісі Лев Скорякинді ұрлап әкетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы «Новая газета Europe» құқық қорғаушылары хабарлады.

Айтуларынша, қазанның 16-сынан 17-сіне қараған түні екі көлікке мінген он адам Скорякин тұратын баспанаға дейін барған.
Олар өздерін Қырғызстан милииясының қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлеріміз деп таныстырып, белсендіні белгісіз жаққа алып кеткен», - делінген құқық қорғаушылар мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта Скорякиннің орналасқан жері мен статусы белгісіз, адвокаттар оны милициядан да, уақытша ұстау изоляторынан да, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен де таба алмады.

2021 жылдың желтоқсанында Скорякин мен «Сол блоктың» тағы бір белсендісі Руслан Абасов Мәскеудегі ФСБ ғимаратына «ЧКист күні құтты болсын» деген плакат пен шамдармен барған.

Ресей Ішкі істер министрлігі оларға бұзақылық бабы бойынша (Қылмыстық кодекстің 213-бабының 2-бөлігі) іздеу жариялаған. Абасовқа да бұзақылық жасады деген айып тағылып отыр (Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі).

2023 жылдың маусымында Скорякин Бішкекте ұсталып, кейін тергеу изоляторына қамалды.

Құқық қорғаушылар Қырғызстанның бас прокуратурасы белсендіні экстрадициялаудан бас тартқанын, сондықтан ол бір ай бұрын босатылғанын хабарлады.

Анықталғандай, Скорякин Қырғызстаннан пана іздеуші, сондықтан оны Ресейге экстрадициялауға немесе депортациялауға болмайды.

Лев Скорякин Қырғызстан РФ ІІМ

Тақырыпқа жаңалықтар