Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Depositphotos
Еуразия16 қыркүйек 2024, 14:00

Қырғызстанда жаңа жел электр станциясының құрылысы басталды

Қырғызстанда жаңа жел электр станциясының құрылысы басталды. Қуаты 100 МВт жаңа жел электр станциясының құрылысына 12 ай бөлінді. Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров пен Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук республиканың Ыстықкөл облысының Тоң ауданында жел электр станциясының құрылысына капсула салу рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жобаны «Росатом жаңартылатын энергия» акционерлік қоғамы жүзеге асыруда және 100 МВт жел электр станциясының құрылысын қамтиды. Станцияның жылдық өнімділігі 290 млн кВт/сағ болады деп күтілуде. Жобаны аяқтауға 12 ай уақыт берілген.Ақылбек Жапаров бұған дейін Ыстықкөл ауданы Тору-Айғыр ауылында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысына капсула салынғанын еске салды. Бұл жобаны қырғыздың Bishkek Solar компаниясы мен ресейлік Unigreen Energy компаниясы жүзеге асыруда.

Соңғы екі жылда Құланақ және Орта-Токой су электр стансаларының құрылысы басталды. Бала-Саруу су электр станциясының және басқа да ондаған шағын су электр станцияларының құрылысы аяқталды. Ат-Башы су электр стансасы жаңғыртылды, Тоқтағұл және Үш-Қорған су электр стансаларын қайта құру жұмыстары жалғасуда. Халықаралық деңгейде CASA-1000 жобасы бойынша әуе желілерінің құрылысы басталды.

Ақылбек Жапаров республика Президенті Садыр Жапаров «жасыл» энергетиканы дамытуды бұдан бұрын да қолға алғанын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұл бастамалар көпшілікке шындыққа жанаспайтын болып көрінгенімен, қазір ел оларды жүзеге асыруға сенімді түрде қадам басып келеді.

Қырғызстан жел электр станциясы

Тақырыпқа жаңалықтар