ЕуразияКеше, 17:06

Ресей Қытайға газ тасымалдайтын құбырды Қазақстан арқылы өткізуді қарастырып жатыр

Ресей Қытайға газ тасымалдайтын «Сібір күші–2» құбырын Қазақстан арқылы өткізуді қарастырып жатыр. Негізі Моңғолия арқылы жүргізу жоспарланған еді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Энергетика министрі егер құбыр біздің ел арқылы өткізілсе, кемінде 10 млрд текше метр газ қалуы мүмкін деп топшылайды. Бұл ішкі тапшылықты азайтуға көмектеседі деп есептейді. Әрі транзитпен табыс түседі және газ инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді. Шешім әлі қабылданған жоқ, бәрі келіссөздерге байланысты.

Мен Ресей газ құбырын Қазақстан арқылы тарту нұсқасын байыппен қарастырып жатқанын білемін, өйткені бұл оларға газ тұтынуды қосымша арттыруға мүмкіндік береді. Біз Қытайға тасымалданатын қосымша 35 млрд текше метр газ туралы айтып отырмыз, сондай-ақ кемінде 10 млрд текше метр газ республика аумағында қалуы мүмкін, - деді министр.

Ресей Қытай Қазақстан газ

Тақырыпқа жаңалықтар