Таразда 9-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады
Таразда тағы бір оқушы өзіне қол жұмсап, мерт болды. Оның денесін алғаш болып анасы көрген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға кеше, 23 қыркүйек күні болды. Анасы қызын сарайда асылып тұрған күйде тапқан. Марқұм 9-сынып оқушысы екені белгілі болды. Қайғылы жағдайдың себебі әзірге белгісіз. Ол ешқандай есепте болмаған, сабақ үлгерімі де жақсы болған екен.
Полиция «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабымен қылмыстық іс қозғады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: