Еуразия15 шілде 2024, 9:12

Тасқын: Қырғызстанда бір отбасының төрт адам жоғалып кеткен

Қырғызстанның Ош қаласында сел кезінде төрт адам ұшты-күйлі жоғалып кетті. Ош қаласының «Молбұлақ» демалыс орталығында демалып жатқан төрт адамды тасқын су алып кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желілерде қала мэриясының басшысы Жұмамидин Сулайманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл жайында 24.kg ресурсында жарияланды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Ағын су сондай-ақ жеті көлікті ағызып әкетті, оның төртеуі табылды» дейді ол.

Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды.

ТЖМ алдын ала ақпараты бойынша, су тасқынында жоғалып кеткен адамдар — бір отбасының мүшелері, яғни 44 жастағы анасы мен 19, 8 және 6 жасар үш қызы.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында 46 құтқарушы жұмыс істеуде, 420 адам эвакуацияланған.

Ош облысы аумағындағы күшті селден кейін Қарасу аудандық электр желілерінен электр қуатын алатын 7,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды.

Су тасқыны 8 электр тірегін шайып кетті.

Қалпына келтіру жұмысына 26 адам және 6 арнайы техника жұмылдырылған.

ТЖМ мәліметіне сенсек, 134 үйді су басып, 17 үйдің қоршауын қиратты.

Селден зардап шеккен 30 адам дәрігер көмегіне жүгінген. Оның ішінде 17-сіне жергілікті жерде көмек көрсетілді, тоғыз адам қалалық клиникаға, төрт адам облыстық ауруханаға жатқызылған.

 

Қырғызстан ош Тасқын жоғалғандар

Тақырыпқа жаңалықтар