Еуразия22 маусым 2024, 14:00

Тәжікстан президенті «идгардак» және жат киімге тыйым салатын заңдарды мақұлдады

Тәжікстан президенті 35 жаңа заңға қол қойды, оның ішінде «Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» және «Бала тәрбиесіне жауапкершілік туралы» бар. Эмомали Рахмон кеше ұлттық мәдениетке сәйкес келмейтін киім киюге тыйым салатын «Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» заңға қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұдан былай республикада Рамазан мен Құрбан мейрамында балалардың «идғардақ» тойлауына тыйым салынды.

Бұл екі заң жобасын депутаттарға президент таныстырды.

Оны алдымен парламенттің төменгі палатасының депутаттары қабылдап, кейін сенаторлар мақұлдады.

Осы тыйымдарды бұзғаны үшін республика азаматтарына айыппұл салынады.

Алайда құжаттарда қандай киімнің ұлттық мәдениетке сәйкес келмейтіні анықталмаған, яғни қайсына тыйым салынғаны нақты көрсетілмеген. 

Әлеуметтік желілерде Тәжікстан тұрғындары хиджабына байланысты көшеде ұстап тоқтатқан жағдайларымен бөлісті.

Билік оны алып тастауды немесе орамал ретінде пайдалануды талап етті.

Хиджаб киген әйелдерді емдеу мекемелеріне кіргізбейді деген шағымдар да бар.

Сонымен қатар, рейд кезінде базарлар мен дүкендердегі сатылымнан бұл бас киімдер тәркілене бастады.

Тәжікстан президенті идгардак жат киім тыйым салу

Тақырыпқа жаңалықтар