Эхо МосквыКеше, 17:13

9-сынып оқушысы мектепте 10 жастағы баланы пышақтап өлтірді

Оқиға 17 желтоқсан күні Ресейдің Мәскеу облысындағы Успен мектебінде болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

15 жастағы оқушы ғимарат ішінде бұрыш балонын шашып, кейін күзетші мен 4-сынып оқушысына пышақпен соққы жасаған. 10 жастағы оқушы алған жарақаттарынан көз жұмған.

Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған жасөспірім сол мектептің оқушысы Тимофей К. Күдікті ұсталды. Ресейдің тергеу комитеті "кісі өлтіру" және "кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мәліметке сәйкес, күдіктінің телефонынан брондалған кеудеше мен каска киген фотолары табылған. Осылайша оның қылмысқа алдын ала дайындалғаны анықталды.

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан баланың Кобилджон Алиев есімді Тәжікстан азаматы болғанын мәлімдеді. Мәлімдемеде шабуылдың ұлттық өшпенділік негізінде жасалғаны көрсетілген.

Ресей Мәскеу Оқушы Тәжікстан
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
17 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар