Ресейде маймыл шешегі тарала бастады
Санкт-Петербург қаласында маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылды. Осыған байланысты Қазақстан шекарасында санитарлық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегі Қазақстанда да тіркелуі мүмкін екенін мәлімдеді. Десе де вирустың елде таралу қаупі төмен екені айтылды.
Маймыл шешегі – MPXV вирусы тудыратын жұқпалы ауру. Ол көбіне науқас адаммен тығыз байланыста болғанда жұғады. Маймыл шешегінің белгілері – дене қызуының көтерілуі, бас пен бұлшықеттің ауыруы, бездердің ісінуі және теріге бөртпе шығуы. Көп жағдайда науқас аурудан айығып кетеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: