ӘлемКеше, 17:42

240 жолаушысы бар ұшақ апатынан 110 адам ажал құшты

Үндістандағы ұшақ апатынан 110 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұшақта 169 үндістандық, 53 британдық, 7 португал және 1 канадалық болған. Бортта қазақстандықтар жоқ.

Үндістанда Air India компаниясының Лондонға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Алдын ала дерек бойынша, Airbus ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін Ахмедабад қаласындағы тұрғын үйлер орналасқан аумаққа құлаған. Бортта 240 адам болған.

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұшақ Ахмедабад халықаралық әуежайынан Астана уақытымен 13:08-де Лондонға бағыт алған. 

Ұшақ Апат Үндістан Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар