Әлем27 қараша 2023, 14:30

Әлемдегі ең үлкен айсберг қозғала бастады

Әлемдегі ең үлкен айсберг қозғала бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Ғалымдар CNN арнасына Лондоннан екі есе үлкен A23a деп аталатын айсберг Антарктидада 5 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді деп айтты.

1986 жылы мұз қайраңынан үлкен мұз бөлігі үзілген болатын.

Бірақ ол бірден антарктикалық Уэдделл теңізінің түбіне түсіп, 30 жылдан астам уақыт бойы сонда қалды.

Осы уақыт ішінде ол айсберг қозғалысқа келуі үшін жеткілікті еріген болуы мүмкін, дейді ғалымдар.

ғалымдар үлкен айсберг қозғалыс

Тақырыпқа жаңалықтар