АҚШ-тағы мектептегі атыстан мұғалім мен үш бала қаза тапты
АҚШ-тың Орегон штатындағы бастауыш мектепте атыс болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Күдікті - 16 жастағы жасөспірім. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Қаза тапқан балалар бес, сегіз және 11 жаста болған. Тағы екі адам - жеті жастағы оқушы мен 54 жастағы мұғалім ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, жасөспірім мектепке кіріп, жабық есіктер арқылы оқ атқан. Кейін оның соңынан қаруланған жергілікті тұрғын қуған. Ақырында ол шабуыл жасаған жасөспірімді атып өлтірді.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: